Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

Таразда коронавирустың таралуы бойынша мәселелер қаралды

Жуырда Тараздат баспасөз конференциясы өтіп, онда қала әкімінің орынбасары Алмас Садубаев пен қаланың бас санитарлық дәрігері Рита Алтынбасованың коронавирустың таралуы бойынша мәселелерге кеңінен тоқталды.

Қалада сақтық шаралары бойынша құрылған мониторингтік топ мүшелері жыл басынан бері ескертуді елемегендерге 200-ге жуық хаттама толтырған. Нақты дерек бойынша ағымдағы жылдың қаңтарында 34, ақпанда 47, наурызда 54 хаттама тіркелсе, сәуір айының алғашқы онкүндігінде 50-ге жуық хаттама толтырылған екен. Коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны 25 адамнан аспаса, қала «жасыл» аймақта болады. Егер вирус жұқтырғандар саны 25 пен 50-дің аралығында болса, қала «сары» аймаққа өтеді екен. Соңғы мәлімет бойынша бір күнде 30 адамның вирус жұқтырғаны анықталып, қала «жасыл» аймақтан «сарыға» өткен.

Баспасөз конференциясында қала әкімінің орынбасары Алмас Садубаев той-томалақтарды тоқтатып, базарларда, қоғамдық көліктерде карантин талаптарының сақталуы маңызды екенін айтты.

– Тараз қаласы 11 сәуірде «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті. Бұл дегеніміз коронавирустың әлі өршіп тұрғанын білдіреді. Бұған дейін де біз жұқпалы індетті бақылаудан шығарып алмау үшін бірлесіп атқарған жұмыстың жақсы нәтиже беретініне көз жеткіздік. Қазір «сары» аймаққа өтіп отырғанымыздың себебі – қоғамдық көліктерде, көпшілік жиылатын орындарда, базарларда карантин ережелерінің сақталмауынан. Той-томалаққа да тоқтам болмай тұр. Облыста өткен айдың өзінде 134 оқушы вирус жұқтырса, соның 104-і онлайн оқып жатқан оқушылар екен. Біз мұны зерттей келе үйдің үлкендері тойға, базарларға барып вирус жұқтырып, кейін балаларына, немерелеріне таратады деген тұжырымға келдік. Қалада төрт мобильдік топ рейд жұмыстарын күшейтілген режимде атқаруда. Кеше орталық базарға өзім барып, ондағы жағдайды көрдім. Біздің есебіміз бойынша орталық базарға қала мен жақын аудандардан күніне орта есеппен 1000-ға жуық адам келеді. Егде жастағы азаматтар бетперде тағуды ұмытқан. Енді Рамазан айы келді, ауызашарды отбасында өткізу керек. Бұл бойынша қаланың бас санитарлық дәрігері Рита Өмірзақовамен бірге 220 кафе және 74 мейрамхана өкілдерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын да жүргіздік, – дейді қала әкімінің орынбасары Алмас Садубаев.

Қаланың бас санитар дәрігері Рита Өмірханқызының айтуынша, қаңтар айынан бері 1446 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауырғандар саны 564-ке жеткен. Биыл жыл басынан бері 440 қарт кісі, 370 жұмыссыз азамат және 50 медицина қызметкері анықталыпты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close