Басты бетЖаңалықтарРуханиятҚоғам

Тәуелсіздік құрдастары

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде «Тәуелсіздік құрдастары» атты дөңгелек үстел өтті.

Айтулы шараға Тәуелсіздік құрдастары: Ғ.Байтасов атындағы тірек мектебі директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Перизат Әкімбаева, Түймекент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ақжол Белқожаев және АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында “Q-line” логистикалық компаниясын құрған Ерлан Қайрат қатысты. Тәуелсіздік алған жылы дүние есігін ашқан азаматтар 10-11-сынып оқушыларымен кездесе отырып, мамандық таңдау кезінде қателікке жол бермеу қажеттігін баса айтты. Тәуелсіз еліміздің, туған жердің патриоты болу, қоғам игілігіне қызмет ету, төрткүл әлемге қазақ елін таныту үшін жақсы оқып, білікті маман болудың маңыздылығын жеткізді.
Емен-жарқын форматта өткен шара барысында оқушылар ойларында жүрген сауалдарын жолдап, жауаптар ала білді.

Нұрлан Тленов,
Түймекент ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі аға инспекторы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close