Басты бетЖаңалықтарҚоғам

«Тараз түлектері» орталығы ашылды

Бүгін Тараз қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай республикада алғаш болып қолға алынған «Жомарт түлек» жобасы аясында Тараз қаласында №51 орта мектеп базасынан «Тараз түлектері» орталығы ашылды.

Орталықты құрудың негізгі мақсаты еліміздің түрлі салаларында қызмет етіп, белгілі бір жетістіктерге жеткен кешегі мектеп бітірген түлектер мен мектеп арасындағы өзара байланысты арттыру және жастармен ұдайы түрде кездесулер ұйымдастырып, ұрпақ сабақтастығын жалғастыру.
Орталық заманауи үлгіде жабдықталды.
Орталықта түлектер жұмысын үйлестіретін қауымдастық құрылды.
Түлектер Тараз қаласын көркейтуге, дамытуға бағытталған жаңа жобаларды енгізу мәселелерін талқылап орталық арқылы жүзеге асыратын болады.
Сонымен қатар, әлеуметтік санаттағы қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету, оларды қолдау бағытында да жұмыстар жүргізіледі деп күтілуде.
Орталықта жетістікке жеткен түлектер жайлы ақпараттар ауыспалы тәртіппен үнемі жаңартылып отырылады.
«Түлектер тілек кітабы» арналған. Онда түлектер мектептер мен ұстаздарға деген ерекше құрметтерін жаза отырып, болашақ ұрпаққа деген жылы лебіздерін білдіреді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close