Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Таразда коронавирустың алдын алу шаралары басты назарда

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтіп, онда коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары бойынша құрылған мобильдік топтардың жұмыс барысы туралы айтылды. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл қалада қаңтардан бастап 3 мамырға дейін 1681 КВИ дерегі тіркелген. Әсіресе, сәуір айының бел ортасынан бүгінгі күнге дейін сырқаттанғандардың саны күрт өскені байқалады. Алмас Кәдірбекұлының айтуынша, соңғы кездері карантиндік режимді бұзу фактілері тойхана, компьютер клубтары, «PlayStation» ойын орындары, бильярд, түнгі клубтар мен дәріханаларда, сондай-ақ сауда орындарында анықталып жатыр. Биыл ереже бұзғандарға қатысты 166 әкімшілік хаттама толтырылып, 29 555 900 теңге көлемінде айыппұл төленген.

Статистика бойынша карантин ережелерін бұзған жеке және заңды тұлғаларға қатысты толтырылған хаттама саны орташа есеппен ай сайын 20-ға артып отыр. Тараз қаласы «қызыл» аймаққа енгелі мобильдік топ мүшелері де жұмысқа қызу кіріскен.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close