Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Таразда Ұлы Отан соғысының ардагерлері құттықтау қабылдауда

Бүгін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына орай Тараз қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін тұрғылықты мекен-жайларына барып құттықтау ұйымдастырылды. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара барысында ардагерлердің үйлерінің аулаларында №85395 әскери бөлімнің оркестрінің шеруі өткізіліп, соғыс жылдарындағы әуендер орындалды. «Темірқазық» волонтерлық қозғалысының еріктілері ардагерлерге гүл шоқтарын ұсынды.
Осындай ыстық лебізді құттықтауды Ұлы Отан соғысының ардагерлері үлкен қуанышпен қарсы алып, іс-шара соңында алғыстарын айтты.
Аталған акция ағымдағы жылдың 8 мамыр күні де өз жалғасын таппақ.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close