Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда ардагерлерге арналған әскери шеру өтті

Бүгін Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай Тараз қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін тұрғылықты мекен-жайларына барып құттықтау ұйымдастырылды. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара барысында ардагерлердің үйлерінің аулаларында №85395 әскери бөлімнің оркестрінің шеруі өткізіліп, соғыс жылдарындағы әуендер орындалды.

Көпқабатты тұрғын үйде тұратын ардагерлерге вышкамен көтеріліп, «Темірқазық» волонтерлық қозғалысының еріктілері ардагерлерге гүл шоқтарын ұсынды.


Былтырғы жылдан бастау алған мұндай ерекше құттықтауды Ұлы Отан соғысының ардагерлері үлкен қуанышпен қарсы алып, іс-шара соңында алғыстарын айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close