Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда ардагерлерді құттықтау шаралары жалғасуда

Таразда ардагерлерді құттықтау шаралары жалғасуда. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полиция подполковнигі Иван Макеевті құттықтауға ішкі істер органдарының ардагері Рахымберді Жаңабаев пен Тараз стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері барды.

Иван Макеев 1944 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1951 жылға дейін Жапон импералистеріне қарсы шайқаста Харбин, Мукден қалаларын азат етуге қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары Жамбыл стансасы желілік ішкі істер бөлімінде жұмыс істеген. Қонақтарды қарсы алған Иван Макеев стансадағы жұмыстың барысын сұрап, қызмет бабындағы күндерді сағынышпен еске алды. Сондай-ақ дүниені дүрбелеңге түсірген соғыстың тауқыметі жайында әңгіме бастап, жастарға ақыл-кеңесін айтты.

– Соғыстан қауіпті қасірет жоқ. Ұлы Отан соғысындағы жеңісті жастар жадында сақтауы керек. Отанға адал қызмет ету – әрбір азаматтың парызы. Бейбіт күнде ең бірінші кезекте полиция қызметкерлері антына адал болуы керек, – деді Иван Макеев.

Кездесу соңында желілік полиция қызметкерлері Иван Макеевке Ішкі істер министрінің Алғыс хаты мен сый-сияпатын табыстады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close