Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тараз қаласының әкімі ардагерді құттықтап барды

Жеңіс күніне орай қала әкімі Ержан Жылқыбаев 1942 жылы Кеңес әскерінің қатарына алынған соғыс ардагері Әшірбек Сәрсенбаевтың үйіне барды. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Майдангер Запорожье қаласын азат етуге қатысып, жеңісті Берлинде қарсы алған. Соғыстан кейінгі жылдары ауыл шаруашылығына араласып, атқару мекемелерінде қызмет еткен. Еңбегі еленіп, «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» орденімен, «Маршал Жуков» медалімен марапатталған. Бұдан бөлек орден-медальдері баршылық.

Әшірбек Сәрсенбаев соғыс салған жараның ешқашан өшпейтінін айтып, тарихи күнде құттықтап келген қала басшылығына алғыс білдірді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close