Білім көкжиегіБасты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Шу ауданында білім беру нысандары салынуда

Қазіргі таңда Шу ауданының білім саласына да айтарлықтай көңіл бөлінуде. Аталған сала бойынша аудан әкімдігінің атқарған жұмысы да жемісті болып отыр.

Мәселен, Белбасар ауылындағы Ш.Уәлиханов, Д.Қонаев ауылындағы Төле би және Шу қаласындағы Абай атындағы орта мектептің ғимаратына  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Алға және Бірлікүстем ауылдарындағы 300 орындық жаңа  мектеп, Д.Қонаев ауылында 1 жекеменшік балабақша пайдалануға беріліп отыр.

2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 32 мектепке ішкі әжетханалар салынды. Барлық мектептер толық бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

  2021 жылға Төле би ауылындағы 300 орындық әл-Фараби атындағы мектеп ғимаратының құрылысына 830,0 миллион, Шу қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепке қосымша ғимарат салуға 543,9 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, Жаңа жол, Көкқайнар, Сауытбек, Қонаев, Тасөткел, Балуан Шолақ, Жаңақоғам, Ақсу және Бірлік ауылдарына спорт алаңшалары салынған. 57,0 миллион теңгеге Шу қаласындағы «Қайрат» стадионының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Ал, жалпы құны 266,9 миллион теңге болатын Төле би ауылындағы спорт-сауықтандыру кешені пайдалануға берілген. Абай ауылында демеушілер есебінен құны 200,0 миллион теңге болатын  спорт кешені салынды. Тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар  40 пайызды құраған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close