Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Шу ауданында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда

Биыл мемлекетіміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Осы орайда, 2021 жылды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялаған болатын. Тәуелсіздік жылдары еліміз толайым табыстарға қол жеткізіп, дамудың даңғыл жолына түсті. Аталған 30 жыл ішінде Шу ауданы да әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамып, көптеген жетістіктерге қол жеткізген.

  Шу ауданы әкімдігінің мәліметінше, ауданның өнеркәсіп саласында өндірген өнім көлемі 50,7 есеге артқан. Аудан экономикасына 500,0 миллиард теңгеден астам инвестиция  салынып, көлемі 200,0 миллиард теңгеден асатын  құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бюджет кірісі 1997 жылы 519,0 миллион теңге болса, бұл көрсеткіш 2020 жылы 24,8 миллиард теңгеге жеткен. Яғни, 48 есеге артқан. Сондай-ақ, әлеуметтік салада 12 мектеп пен 25 балабақша және 27 медициналық нысан пайдалануға берілген.

Тәуелсіздік жылдары 50-ден астам әлеуметтік нысан  күрделі жөндеуден өткізілген. Сондай-ақ, 12 елдімекенге газ құбыры жүргізіліп, 20 елдімекен ауыз сумен қамтылды. Қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың үлесі 70 пайызға жетті. Халық саны 35 пайызға артып, жұмыссыздық деңгейі 1,3 пайызға дейін төмендеді.

Бүгінде Шу ауданы айтарлықтай дамып, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жүйелі жұмыстарды жүзеге асыруда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close