Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау – басты мәселе

 «Бүгінгі күні азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау – күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі екені белгілі. Осы бағытта Бірлік ауылынан сыйымдылығы 20,0 мың тоннаны құрайтын заманауи технологиямен жабдықталған көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүргізілуде. Нысанның құны 1,2 миллиард теңгені құрайды. Қойма қолданысқа берілгеннен кейін  маусымаралық кезеңде баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге өз септігін тигізетін болады», деді Шу ауданының әкімі баспасөз брифингі барысында.

Сонымен қатар, Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров мал шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы да айтты. Әкім бұл мақсатқа мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келетінін, мәселен, қаңтар-сәуір айларында ауданның кәсіпкерлік саласын дамытуға мемлекет тарапынан жалпы 626,0 миллион теңге берілгенін айтты. Оның ішінде«Еңбек» бағдарламасы аясында 27 адам 96,6 миллион теңге шағын несие алса, 300 азаматқа 175,0 миллион теңгеге өз кәсібін бастауғақайтарымсыз грант берілген.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта аудан бойынша тұрғын үй алу үшін кезегіне 1534 азамат тіркелген болса, аталған мәселені шешу бағытында Шу қаласы «Жетісу» ықшамауданындағы 80 пәтерлік 3  үйдің құрылысына қаржы бөлінген. Алдағы уақытта кезекте тұрған 240 азаматтың тұрғын үй мәселесі шешілетін болады. Ал, тұрғын үй салу үшін жер кезегінде 5906 азамат тұр екен. Қазіргі уақытта Алға ауылында 25 гектар тұрғын алқапты электр желісімен және ауызсумен қамту жұмыстары аяқталып, жер учаскелерін үлестіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Аудан орталығы Төле би ауылындағы 147,73 гектар тұрғын алқапқа электр желісі жүргізілген. Сумен қамтамасыз етуге 688,0 миллион теңге қаражат бөлініп, мердігерменкелісім-шарт жасалған. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Сол сияқты, Шу қаласындағы 258,7 гектар тұрғын алқапқа электр желісі жүргізілген. Көше жолдарын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, ауыз су құбырын жүргізуге бюджеттік өтінім берілген. Биылғы жылдың соңына дейін кезектегі Төле би, Алға ауылдарынан жалпы саны 1074 азаматқа жер телімін беру жоспарланып отыр екен.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close