Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Шу ауданында автомобиль жолдары саласына 730,2 миллион теңге бөлінді

Шу ауданында жол жөндеу мәселесі назардан тыс қалған емес. Мысалы, биылғы жылға автомобиль жолдары саласына 730,2 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров баспасөз брифингі барысында айтып берді.

«Аудандағы автомобиль жолдарының ұзындығы 840 шақырымды құраса, оның ішінде негізінен жағдайы нашар республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 118 шақырымды құрап отыр. 2020 жылдан бастап Меркі-Шу-Бурылбайтал автожолының құрылыс жұмыстары басталған болатын. Сәуір айында ауданда облыс әкімі және еліміздің Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі жұмыс сапарымен болып, мердігерлерге 2021 жылдың қыркүйек айында Шу-Бурылбайтал және Меркі-Шу автожолын пайдалануға беруді тапсырды. Аталған жұмыстар аяқталған жағдайда аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар жолдардың жол мәселесі шешімін табатын болады», деді Шу ауданының әкімі.

Сонымен қатар, биылғы жылға автомобиль жолдары саласына 730,2 миллион теңге бөлінгенін де атап өтті.  

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close