Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпЭкономикаҚоғам

Шу ауданында 1,5 мың жұмыс орны ашылады

Бүгін Жамбыл облысы, Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг беріп, ауданның даму барысы мен жұмыс жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Ақпарақ ақпарат агенттігі.

Ауданда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 136,1 пайызға, өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 102,3 пайызға, ауыл шаруашылығы саласының өнімі 103,8 пайызға, құрылыс жұмыстары 103,2 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 104,8 пайызға және қаржы игеру көрсеткіші 99,9 пайызға орындалған. 

Қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша ауданда 18,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. «Биылғы жылға ауданымызға барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 9,1 миллиард теңге қаражат бөлініп, 43 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жобаларды іске асыру арқылы 1,5 мың жұмыс орыны ашылады деп күтілуде», деді Нұржан Календеров.

Сонымен қатар, биылғы жылдың өнімі үшін 126 мың 931 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып, 10 мың 084 гектарға сүр айдалған. Ал, жер пайдалану көрсеткіші 100пайызға орындалып,
46 мың 219 гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 9050 гектарға майлы дақылдар, 900 гектарға қант қызылшасы және 1500 гектарға картоп орналастырылған. Ал, 16 мың 662 гектар көкөніс пен 10000 гектар бақша дақылдары егіліп, көктемгі егіс дала жұмыстары өз деңгейінде аяқталған. Өз сөзінде аудан әкімі 7500 гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізілгенін,бұл өткен жылмен салыстырғанда 2000 гектарға ұлғайғанын да атап өтті. Бұл ретте ол ауданда су үнемдеу технологияларын тиімді пайдаланып, егін шаруашылығын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарған «Қызылша» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін атап өтті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close