Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Таразда Отбасы күніне орай іс-шаралар өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Отбасы күніне орай Тараз қаласында іс-шаралар ұйымдастырылды.

​Қ.Рысқұлбеков атындағы саябағында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ақындармен кездесу, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында «Әжелер тағылымы» байқауы, «Менің әкем керемет» спорттық жарысы, «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» отбасылық ісмерлік байқауы, Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «STREET DANCE» атты заманауи би байқауы, тақырыпқа сай көшпелі кітап көрмесі, «Шөлдала» шағын ауданында «Отбасы – бақыт мекені» атты мерекелік концерттік бағдарлама және тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар арасында «Тегімізді дұрыс жаза білейік!» атты латын графикасында тегі мен атын жазу акциялары өткізілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close