Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Шу ауданында пандемияға байланысты көмек берілді

  Коронавирус індетінің таралуының жолын кесу, санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бағытында Шу ауданында барлық шаралар қабылдануда.

«Қазіргі уақытта, барлық дәріханаларда дәрі-дәрмектердің 2 айлық қоры жасақталып, денсаулық сақтау мекемелеріндегі өкпені жасанды желдету аппаратының саны 15 данаға жетті.

Дәріханалардағы бір реттік бетперделердің бағасы 3 есеге төмендетілді. Демеушілер тарапынан 52,5 миллион теңгеге медициналық қажеттіліктер алынды. «Каспий банктің» демеушілігімен ауданға 4 жедел жәрдем көлігі берілді. Құны 304,3 миллион теңге болатын Төле би ауылындағы жаңа емхана ғимараты пайдалануға берілді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Шу қалалық ауруханасында құны 412,0 миллион теңгені құрайтын компьютерлік томмография кабинеті ашылды», дейді Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров.

  Коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдайлар кезінде барлығы 43080 адамға 42500 теңгеден жалпы көлемі 1,5 миллиард теңгеге көмек көрсетілген. Ал, әлеуметтік осал топтағы 8583 азаматқа коммуналдық төлем үшін 257,5 миллион теңге төленген.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close