Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Шу ауданында бағаналарды ауыстыруға 71,1 миллион теңге бөлінген

  Бүгінде барлық өңірдегі елдімекендердің басым көпшілігінде тұратын тұрғындар үшін электр желілерінің тозығы жеткені өзекті мәселе болып отыр. Осы орайда, ауыл ішіндегі электр бағаналары мен желілері тозған. Желдің салдарынан электр жарығының да жиі сөнуіне байланысты бағаналарды ауыстыруды қажет етеді. Бұл мәселе бойынша Шу ауданының әкімдігі жедел шараларды қолға алып, тиісті жұмыстарды атқаруда.

  Аталған мәселені шешу бағытында 2021 жылға Шу ауданындағы Д.Қонаев, Төле би және Дулат ауылдық округінің ескірген бағаналарын жаңарту мен ауыстыруға жалпы 71,1 миллион теңге қарастырылған.

Аудан әкімі Нұржан Календеровтің айтуынша, қалған ауылдық округтердің мәселесі кезең-кезеңімен шешілетін болады. Алдағы уақытта ауданда бұл мәселе толығымен шешімін табады деп жоспарланған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close