Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Шу ауданында әлеуметтік мәселелер оң шешімін табуда

Бүгінде Шу ауданында 3,5 миллиард теңгеге 184,9 шақырымды құрайтын 158  жол  жөндеуден өткізілген. Оның ішінде Шу қаласында 49, ауылдық елдімекендерде 79 көше жолы, сондай-ақ, облыстық маңызы бар «Төле би – Ақтөбе» бағытындағы жолдар  жөнделген. Ал, «Балуан Шолақ – Жиделі» бағытындағы жол құрылысы аяқталып отыр. Нәтижесінде қанағаттанарлық жағдайдағы барлық деңгейдегі жолдардың үлесі 70 пайызды құраған.

  Шу қаласы, «Қосқұдық» мөлтекауданы мен Оразалы батыр ауылдарында ауызсу құбырын тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Шу қаласы, «Қант зауыты» мөлтекауданы, Төле би ауылының солтүстік аумағына, Көкқайнар, Сауытбек, Еңбекші және Ақтөбе ауылдарын ауыз сумен қамтуға  жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Көктөбе ауылына ауыз су құбырын жүргізуге 760,0 миллион теңгеге бюджеттік өтінім берілген.

Қазіргі уақытта, аудандағы 12 елдімекен, Шу қаласы мен Жаңажол, Көкқайнар, Белбасар, Еңбекші, Төле би, Бірлік, Қонаев, Көктөбе, Бірлікүстем, Алға, Сауытбек ауылдарытолық газдандырылған. Сондай-ақ, Тасөткел су қоймасы, Аспара, Тасөткел, Жайсан, Оразалы батыр, Ақсу, Абай сияқты 7 елдімекенгемагистральді газ құбыры тартылған.

Өткен жылы Тасөткел су қоймасы және Жайсан ауылдарына бюджет есебінен ішкі газ құбыры жүргізілді. Ал, Мойынқұм, Еңбек, Жиенбет, Ақтөбе, Балуан Шолақ, Бәйдібек, Бөлтірік, Далақайнар, Шоқпар және Шоқпар бекеті сияқты 11 елдімекенде аталған мәселелерді 2021 жылдың соңына дейін шешу жоспарлануда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close