Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Шу ауданының ауыл шаруашылығы саласы алға басуда

Бүгінде Шу ауданының ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып, аудан экономикасының артуына үлес қосуда. Аудан әкімі Нұржан Календеровтің айтуынша, аталған салада өткен жылы 68,3 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, 113 мың гектар алқапқа дақылдар отырғызылған. 41 мың гектар орылатын ақ егіс алқабынан 93,5 мың тонна өнім алынған.

  Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан 9 462 тонна қарбыз, 11 500 тонна пияз, 557 тонна сафлор майы, 30,2 тонна қозы еті сырт мемлекеттерге экспортқа шығарылды. Мал шаруашылығы саласында барлық өнім түрлерінде және мал басы бойынша барлық түліктер санатында өсім қалыптасты. 16,1 мың тонна ет,  34,4 мың  тонна сүт, 9,5 миллион дана  жұмыртқа өндірілді. Аудан көлемінде пайдаланусыз жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 22,1 мың гектар жер анықталып, сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды. Конкурс арқылы 13,4 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері айналымға енгізілді.

  Өткен жылы «Тасөткел су қоймасының» су жинау көлемін 120,0 миллион текше метрге арттыру мақсатында 500,0 миллион теңге бөлініп, өтпелі кезеңмен су қоймасын сейсмикалық күшейту жұмыстары басталған. Ақсу ауылында орналасқан «Сарғау» су қоймасы ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Сондай-ақ, ауданға барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 9,3 миллиард теңге бөлініп, 230 жоба іске асырылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close