Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Шу ауданында тұрғындарды жұмыспен қамту жалғасуда

  Бүгінде Шу ауданында жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін 4388 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға кешенді жоспар берілген. Ал, 4 айдың қорытындысымен 2603 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған немесе жоспар 59,3 пайызға орындалған.

  «Әлеуметтік жұмыс орнына 53 адамға, жастар практикасына 
65 жасқа, ақылы қоғамдық  жұмысқа 519 адамға жолдама берілді. Жыл басынан 690 отбасыға, яғни 3459 адамға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы743 балаға 13,3 миллион теңге  көлемінде көмек көрсетілді. Біршама қиындықтарға қарамастан, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында серпін сақталды», дейді аудан әкімі Нұржан Календеров.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close