Басты бетЖаңалықтарХабарландыруҚоғам

Тараз қаласы тұрғындарының назарына

2021 жылғы 20-21 мамыр аралығында Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесін дайындау мақсатында Жамбыл ауданының аумағында «Ағын-2021» облыстық командалық – штабтық оқу-жаттығу өткізу жоспарланған.

Аталған іс-шараға жергілікті атқарушы орган мекемелері, Полиция департаменті, Ұлттық Ұланның 5533 әскери бөлімі, орталық атқарушы орган өкілдері мен кәсіпорындар жұмылдырылатын болады. Практикалық іс-шараларда АҚ және Жамбыл облысының орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелерінің тартылатын қызметтерінің үйлесімділігін, өзара іс-қимылын және жасақталуын нақты дайындығын пысықтау көзделген.
Осыған сәйкес, қала әкімдігі тұрғындардан көпшілік арасында шындыққа ұласпаған жалған ақпарат таратпауларыңызды сұранады. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тұлға заңнама аясында жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close