Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Шу ауданындағы барлық ауыл ұялы байланыс желілерімен, интернетпен қамтылған

Қазіргі уақытта аудандағы барлық елдімекен ұялы байланыс желілерімен, мобильді интернетпен толық қамтылған.

Осыған дейін Тасөткел ауылдық округі ұялы телефонның байланыс желісіне мүлдем қосылмаған болатын. Өткен жылы аталғанелдімекенге«Ксell» АҚ-ның байланыс құрылғысы орнатылып, 1168 тұрғын «актив» және «кселл» ұялы байланыс желілерімен қамтылды. Интернет желісінің жылдамдығы тек Шу қаласы және Төле би, Алға, Бірлік, Белбасар, Жаңа жол, Көкқайнар, Қонаев, Абай, Шоқпар сияқты 8 ауылда қанағаттанарлық (8 Мбит/с) деңгейде. Ал, 2021 жылға 4 елдімекенге, яғни Тасөткел, Аспара, Балуан Шолақ, Далақайнар ауылдарына  «Транстелеком» АҚ-ның жылдамдығы жоғары интернет желісін жүргізу жоспарлануда.

  Сондай-ақ, ауданда Ақсу және Далақайнар ауылдарындағы 2 ауылдық клуб апатты жағдайда болса, ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан 7 клуб бар. Олар Мойынқұм, Ақтөбе, Алға, Белбасар, Жаңа жол, Абай, Қонаев ауылдарында. Аталған мәселені шешу бағытында 262,9 миллион теңгеге Ақсу, 276,5 миллион теңгеге Далақайнар, 256,9 миллион теңгеге Абай ауылдарына 100 орындық, Қонаев ауылына 180 орындық ауылдық клуб құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, 354,6 миллион теңгеге бюджеттік өтінім берілген. Ал, жол-көлік оқиғаларын төмендету, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 94,0 миллион теңге бөлініп, Шу қаласы мен Төле би ауылының орталық көшелеріне 62 дана бейнебақылау камералары орнатылған. Оның 12 бейнебақылауы Төле би ауылында болса, 50 бейнебақылау Шу қаласында.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close