Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Шу өңірі шырайланып келеді

Шу қаласында орналасқан «Теміржолшылар» және «Жеңіс» саябақтары қайта жаңғыртудан өткізілді.

Шу қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласына балаларға арналған 22 ойын алаңдары мен спорт алаңдары салынды. Аталған нысандар Қонаев, Шакиров, Панфилов, Түйебеков және Макаренко көшелерінде орналасқан.

Сондай-ақ, Шу қаласының кіреберісіне «Шу ауданының төлқұжаты» стелласы орнатылды. Шу қаласындағы 7 аялдама ауыстырылып,  бір типті үлгідегі аялдамалармен жаңартылды.

Сонымен қатар, Шу қаласында көпқабатты 9 үй ағымдағы жөндеуден өткен болса, оның ішінде 5 үй бюджет есебінен, 4 үй демеушілер есебінен атқарылған.

  Жалпы, Шу ауданында тұрғындардың тілегі де ескерілуде. Мәселен, тұрғындар тарапынан жалпы саны 94 мәселе көтерілген. Оның ішінде 23 мәселе шешімін тапса, 54 мәселеге түсіндірме жауаптары беріліп, консультациялық көмектер көрсетілген. Ал, 31 мәселе бақылауға алынып, бүгінгі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close