Басты бетЖаңалықтарМәдениетРуханият

Шу ауданында бірқатар мәдениет үйі жөндеуден өтеді

  Қазіргі кезде Шу ауданында 45 мәдени ошақ халыққа қызмет етуде. Оның ішінде 20 мәдениет үйлері мен клубтар болса, 25 кітапхана бар.

Ағымдағы жылы 226 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, 23700 көрермен қамтылған. Аталған шаралар 5100 онлайн қаралым жинаған. Бүгінгі таңда апатты жағдайдағы Ақсу, Далақайнар ауылдарындағы 2 жәнеыңғайластырылған ғимаратта орналасқан Абай, Қонаев ауылдарындағы 2 ауылдық клубтардың құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, бюджеттік өтінім берілген. «Ағымдағы жылға облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қонаев ауылындағы 180 орындық клуб құрылысын жүргізуге және Балуан Шолақ ауылдық клубы мен аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінді», дейді аудан әкімі Нұржан Календеров.

  Сонымен қатар, халықты дене шынықтыру мен спорт саласына қамту бағытында жылдың басынан 26 спорттық іс-шара өткізіліп, 1342 адам аталған іс-шараларға тартылған. Тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар 33,8 пайызды, яғни 34 715 адамды құрады. Ағымдағы жылы Шу қаласы мен Төле би ауылында замануи үлгідегі 4 спорт алаңшасы пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін қосымша Шоқпар, Ақтөбе ауылдарында және Шу қаласы, «Қант зауыты» мөлтекауданында спорт алаңшалары пайдалануға берілетін болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close