Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Балалы үй бақыттың құшағында

Бүгінгі таңда Тараз қаласында жалпы саны 13 мың 335 көпбалалы ана бар.

– Тұрғын үй қатынастары бөлімінде 19661 отбасы баспана алуға кезекке тұрған. Оның 2711-і көпбалалы. 2020 жылы 219 отбасыға пәтер бөлінсе, оның 93-і көпбалалы отбасыға уақытша тұру үшін, ал екінші нарықтан сатып алынған 144 пәтер баспана ретінде берілген, – деді қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мақсат Рахымбекұлы.

Балалы үй бақыттың құшағында. Осынау бақыттың құшағында мамыражай күн кешкен көпбалалы аналардың жай-күйі қалай екенін сұрастыру үшін бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен ақжаулықтылар туралы сөз етпекпіз.

Алты қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған отағасы Ғалымжан Қалымбетов пен отанасы Ардақ Жантаева 2018 жылы Жамбыл облыстық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары атанған. Ал 2018 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша көпбалалы отбасы ретінде «Арай-2» мөлтек ауданынан 3 бөлмелі пәтер алған. Бұл үлгілі отбасының алты қыз, бір ұлы бар.

Ал Индира Бекежанова бүгінде 4 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ана, аяулы жар. Мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезегіне сәйкес, көпбалалы отбасы ретінде «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 2020 жылы 15-ші мөлтек ауданнан 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізген.

2018 жылы Жамбыл облыстық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысып, «Парасатты отбасы» номинациясын иеленген Айдар Жазыбаев пен Салтанат Кадированың отбасы да қазіргі таңда 4 қыз, 3 ұл тәрбиелеп отырған шуақты шаңырақтың бірі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close