Білім көкжиегіБасты бетЖаңалықтарӘлеумет

Таразда биыл 76135 оқушысы мектеп бітірді

2020-2021 оқу жылын Тараз қалалық білім бөліміне қарасты 60 мектептің 76135 оқушысы аяқтады.

26 мамыр мен 19 маусым аралығында барлық мектептерде «Жазғы мектеп» жұмысы ұйымдастырылады.

28 мамыр мен 10 маусым аралығында 9 сыныптың – 5806, 11 сыныптың 2919 оқушысы қорытынды аттестаттаудың бітіру емтихандарын тапсырады.

Балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыруда әр топты 15 баладан аспайтындай көгалдандыру және еңбек жасақтары құрылады.

Сондай-ақ, бірінші кезекте жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 3600 баланы қала сыртындағы лагерьлерде сауықтыру жоспарланып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close