Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

«Өз құқығынды білесің бе?» тақырыбында кездесу өтті

Ағымдағы жылдың мамыр айының 13 күні аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» Жастарға қызмет көрсету бөлімінің инспектор заңгері А.Миннадыгерова мен Жаңа жол ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы И.Халиеваның ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді.

Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде ұйымдастырылған кездесу «Өз құқығынды білесің бе?» тақырыбында өрбіп, табиғат аясында өтуімен ерекшеленгенін атап өткен жөн.

Кездесу барысында танымдық, тағылымдық бағытта көптеген мағлұматтар беріліп, қатысушылардың зор ықылдасын тудырды. Сондай-ақ, кездесуге келгендер де өз тарапынан белсенділік танытып, көкейіндегі сұрақтарын ірікпей қойып, нақты жауабын алды.

Жалпы, осындай жиынның өткізілуінің басты мақсаты – жастарға құқықтық кеңес берумен қатар, әртүрлі ситуациялық жағдайларды да талқылауға бағытталған. Ұйымдастырушылар бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close