Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда түнгі рейд жүргізілді

25 мамырда Таразда түнгі рейд ұйымдастырылды. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы 595 қызметкерлер жұмылдырылды. Оның ішінде 488 педагог, 92 ПБ-ның ЖПҚ-лері, 2 прокуратура қызметкерлері, 6 Тараз жастар орталығынан, комиссия хатшысы, Тараз қаласы әкімдігінің құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің бас маманы және БАҚ өкілдері (Тaraz 24, Жамбыл телеарналары, Жамбыл Тараз газет) қатысты.

Рейдтік іс шарала кезінде жалпы 30 хаттама толтырылды (оның ішінде 4 хаттама – ойын сауық мекемесінде жүрген үшін, 24 хаттама – тұрғын үйден тыс жүргені үшін, 2 хаттама – кәмелетке толмағандарды ойын сауық мекемесіне кіргізгені үшін администраторға жауапкершілік, профилактикалық есепке 4 кәмелетке толмаған алынды, Жамбыл облысы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына – 10 бала орналастырылды.

Іс шара мамыр айының 26, 27-ші жұлдызына дейін өз жалғасын табады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close