Басты бетЖаңалықтарМәдениетХабарландыру

Таразда «Мерейлі отбасы-2021» Ұлттық конкурсына өтініш қабылдау басталды

Мерейлі отбасылар байқауы

«Мерейлі отбасы-2021» Ұлттық конкурсының қалалық турына өтініштер қабылдау басталды

Конкурстың ұйымдастырушысы қала әкімдігі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2014 жылғың наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген қағидаларына сәйкес қала әкімдігінің ішкі саясат бөліміне конкурстың басталуы туралы жария хабарландыру күнінен бастап бір ай ішінде беріледі.

Конкурсқа қатысуға өтінім мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1) ата-аналардың (қамқоршылардың, тәрбиешінің) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асыраушы (қамқоршы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қамқорлықты (тәрбиелеуді) белгілеу туралы шешімінен үзіндінің көшірмесі;

3) неке туралы куәліктің көшірмесі;

4) толық емес отбасылар үшін – ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;

5) балаларды тәрбиелегені үшін алған марапаттарының, белгілі бір жетістіктері үшін алған марапаттарының бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) тұрғылықты мекенжайынан отбасы құрамы туралы анықтама;

7) балалардың, ата-аналардың (қамқоршылардың, тәрбиешілердің) жұмыс орнынан (оқуынан) анықтама және мінездеме;

8) толтырылған сауалнама (осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

9) әріптестерінің, көршілерінің, өңірдегі беделді адамдардың, достарының ұсынымдары. Конкурстың облыстық турына қатысушыларды іріктеуді қаланың әкімі басқаратын конкурстық комиссия жүзеге асырады.Толық ақпаратты қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінен немесе қала әкімдігінің ресми сайтынан алуға болады.

Анықтама телефондары: 8 (7262) 54-69-90, 43-54-06

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close