Басты бетЖаңалықтарМәдениетХабарландыруҚоғамӘлеумет

Тараз қаласы тұрғындары мен қонақтарының назарына

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және мерейтойларға орай 29 мамыр күні қаладағы саябақтарда мәдени-спорттық іс-шаралар өтеді.

Атап айтқанда:

– сағат 11.00-де «Көне -Тараз» тарихи этно-мәдени кешенінде «Жамбылдың жалынды жастары» атты концерттік бағдарлама, бұқаралық спорттық іс-шаралар;

– сағат 18.00-де Қ.Рысқұлбеков саябағында үкіметтік емес ұйымдар арасында футболдан турнир;

-сағат 18.00-де Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік кеш, «Біздің балалық шағымыздың жазушылары» атты көшпелі кітап көрмесі, бұқаралық спорттық іс-шаралар;

-сағат 18.00-де «Жастар» аллеясының «Білім» алаңында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай көрмесі, бұқаралық спорттық іс-шаралар;

-сағат 18.00-де «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің алдында «Менімен қазақша сөйлес?» атты акция, бұқаралық спорттық іс-шаралар;

-сағат 18.00-де А. Құнанбайұлы, С.Есенин ескерткіштерінде мәнерлеп оқу, авторлық өлеңдер, поэзия кеші;

-сағат 19.00-де «Төрткөл» керуен сарайында «Бақытты балалық шақ!» атты концерттік бағдарлама;

– сағат 20.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында «Балалар дауысы» атты концерттік бағдарлама, «Біз бақытты баламыз» сурет салу байқауы, «Көңілді мәре» жарысы, кітап көрмесі;

-сағат 20.00-де «Көне–Тараз» тарихи этно-мәдени кешені амфитеатр сахнасында «Балалар – біздің бақытымыз» атты концерттік бағдарлама;

-сағат 20.00-де Арбаттарда музыканттардың кеші;

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close