Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғам

«Тектұрмас» этно-мәдени кешені және «Көне Қамалы»

«Тектұрмас» этно-мәдени кешеніндегі «Көне Қамалы» имараты.

«Тектұрмас» этно-мәдени кешеніндегі «Көне Тараз» имаратындағы жағалаудың ұзындығы 1423 метрді құраса, қоршап тұратын қорғанның ұзындығы 220 метр. Имаратқа кірген бетте оң жақ қабырғасына жасанды тастармен көмкерілген көне түркі жазулары мен петроглифер салынған. Имараттың кіре берісінен жағалаудың соңына дейін түрлу-түсті шамдармен көмкерілген 86 аралық ағаш баспалдақ орналасқан. Әр баспалдақтың биіктігі стандартқа сай 15 см. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар да бар.

Кешеннің ерекше көркіне айналып тұрған ол – сарқырама. Сарқырама 3 бөлікке құлап ағады. 1-ші бөліктің ұзындығы 8,40 метрді, 2-ші және 3-ші бөліктің ұзындығы 3 метр. Сарқыраманың жалпы ұзындығы 35, ені 5 метрді құрайды. Имарат аумағында қазақтың ұлттық оюларына негізделіп отырғызылған гүлдерден тұратын гүлзарлар бар. Кешенде 21 қоқыс жәшігі мен орындықтар орналастырылған. Кешен аумағында 4 алау бар.

Кешенді жарықтандыратын 117, түрлі-түсті 116 шам қойылған. Сарқырамаға апаратын қысқа жер асты жолында 4, аркада 4 шам қойылған. Сарқыраманы әр түрлі түске бояу үшін 43 түрлі – түсті шам орналастырылған. Қоршап тұратын қорғанда 22, «Тектұрмас» жазуына 5 түрлі-түсті шам бар.

Жағалаудың бойымен түркі халқының айбарлы мінез –құлқын білдіретін қасқыр, барс сияқты жыртқыш аңдар мен бүркіт қойылған. Сондай-ақ, кең даланы еркін мекен еткен еліктер, тауешкі, арқар қойылған. Кешенде бір мезетте 1500 қала тұрғыны еркін демалуға болады. Имараттың дизайны тарихи архитектураға негізделіп жасалған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close