Басты бетЖаңалықтарМәдениетХабарландыруҚоғам

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Таразда өтетін іс-шаралар

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай қалада өтетін іс-шаралар.

Атап айтқанда:

– 2021 жылдың 31 мамыры мен 1 маусым аралығында, 25 кіші футбол алаңшаларында – бұқаралық спорттық іс–шаралар;

– 2021 жылдың 1 маусым күні сағат 09.30-да, «Қаратау» мөлтек ауданындағы футбол алаңшасында – жасөспірімдер арасында футболдан Тараз қаласының турнирі ұйымдастырылады;

– 2021 жылдың 1 маусым күні сағат 10.00-де, «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінде – концерттік бағдарлама, өнертапқыштар байқауы (кеме үлгілеу көрмесі, авиа үлгілеу, робототехника), көрмелер (сурет салу байқауы, арт сурет салу, фото көрме, жылжымалы қуыршақтар, сабынды көпіршіктер көрмесі), балаларға тегін сусындар мен балмұздақтар таратылады;

– 2021 жылдың 1 маусым күні сағат 10.00-де, қалалық мәдениет үйінің алдында – «Шуақты балалық шақ» мерекелік концерт, «Ынтымағы жарасқан туған елім» атты би фестивалі, «Әлем-балалар көзімен» асфальтқа сурет салу байқауы, «Латын әліпбиі – тәуелсіздіктің жаңа белесі» және «Ағылшын тілін үйренейік» атты акция, «Балғын балалар біздің болашағымыз» кітап көрмесі, балаларға тегін сусындар мен балмұздақтар таратылады;

– 2021 жылдың 1 маусым күні сағат 10.00-де, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент саябағында – «Өнер» мектебінің мерекелік іс–шара;

– 2021 жылдың 1 маусым күні сағат 10.00-де, «Мамыр» тоғайында – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік іс–шара, тегін сусындар мен балмұздақтар таратылады;

– 2021 жылдың 1 маусым күні сағат 10.00-де, «Жеңіс» саябағында – мерекелік іс–шара, балаларға тегін сусындар мен балмұздақтар таратылады;

– 2021 жылдың 1 маусым күні сағат 10.00-де, аула клубтарда – «Біз бақытты баламыз» атты ойын-сауық кеші (спорттық, интеллектуалды ойындар), «Бақытты балалық шақ» атты балаларға тәттілер тарату акциясы;

– 2021 жылдың 1 маусым күні сағат 12.00-де, «Шөлдала» алқабында – аула клубының ашылу салтанаты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close