Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Атқарылған іс ауқымды

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов Шу ауданында іссапармен болды. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аудан аумағында атқарылып жатқан ауыл шаруашылық жұмыстарын зерделеуге келген іссапарын ол Иррегациялық-дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы(ПУИД-2) бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардан бастады.

Тасөткел су қоймасымен және су қоймасын сейсмикалық күшейту жұмыстарымен таныстыру үшін аудан басшысы Нұржан Календеров баяндап шықты (ДКЗ) 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 1,9 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 615,0 млн. теңге игерілді. Мердігер – “Тараз Құрылыс Инвест ” ЖШС-і, тапсырыс беруші құрылыс басқармасы жұмыстарын жүргізуде деді.

Жұмыс сапарының жалғасын Нұржан Молдиярұлы «QYZYLSHA» ЖШС-нің көктемгі егіс дала жұмыстары бойынша барып танысып шықты, жалпы жер көлемі 3819 га (оның ішінде: 1819га шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы) қосымша 3048 гектар жер учаскесі жер комиссиясының оң шешімін тапқан. Енгізілетін су үнемдеу технологиясының көлемі, 1 562 га, Жаңбырлатып суару, 1 122 гектар, оның ішінде: 357га дәндік жүгері; 765 га қант қызылшасы тамшылатып суару, 440 гектар, оның ішінде: 305 га дәндік жүгері,113 га картоп, 10-15 гектар (тестовый) брокколи, қант қызылшасы, қырыққабат, одан басқа 600 гектарға мақсары, 1100 гектарға жаздық арпа егілген.

Сапар соңында облыс әкімінің орынбасары Шу ауданының мәжіліс залында аудандық ауылшаруашылық басшыларымен жиын өткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close