Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Таразда мәдени-спорттық іс-шаралар өткізілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және мерейтойларға орай 29 мамыр күні қаладағы саябақтарда мәдени–спорттық іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, сағат 11.00-де «Көне -Тараз» тарихи этно-мәдени кешенінде «Жамбылдың жалынды жастары» атты концерттік бағдарлама, бұқаралық спорттық іс-шаралар; сағат 18.00-де Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік кеш, «Біздің балалық шағымыздың жазушылары» атты көшпелі кітап көрмесі, бұқаралық спорттық іс-шаралар; сағат 18.00-де «Жастар» аллеясында бұқаралық спорттық іс-шаралар; сағат 18.00-де «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің алдында «Менімен қазақша сөйлес?» атты акция, бұқаралық спорттық іс-шаралар;

сағат 19.00-де «Төрткөл» керуен сарайында «Бақытты балалық шақ!» атты концерттік бағдарлама; сағат 20.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында «Балалар дауысы» атты концерттік бағдарлама, «Біз бақытты баламыз» сурет салу байқауы, «Көңілді мәре» жарысы, кітап көрмесі; сағат 20.00-де «Көне–Тараз» тарихи этно-мәдени кешені амфитеатр сахнасында «Балалар – біздің бақытымыз» атты концерттік бағдарлама; сағат 20.00-де Арбаттарда музыканттардың кеші.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close