Білім көкжиегіБасты бетЖаңалықтарҚоғам

Шаһар басшысы тараздық түлектермен кездесті

Тараз қаласының әкімі Қ.Рысқұлбеков саябағында мектеп түлектерімен кездесті.

Ашық аспан астында өткен кездесуде шаһар басшысы жастармен емен-жарқын әңгімелесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өз кезегінде ақыл-кеңесін де айтты.

Кездесу барысында Ержан Жұматұлы мамандықты жүрек қалауымен таңдауға және бәсеге қабілетті болуға кеңес беріп, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге ақ жол тіледі.Биыл қала мектептерін 3 мыңға жуық түлек аяқтады. Оның 101-і «Алтын белгіге», 76-сы «Үздік аттестатқа» үміткер. Сондай-ақ, халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда тараздық 25 оқушы жүлделі орындарды жеңіп алды. Оның 6-уы «Алтын медаль» иегері. Ал №1, 45 гимназия және №2 орта мектеп республикалық пән олипиадасының қорытындысы бойынша еліміздегі «Үздік 100 мектеп» қатарына енді.

Кездесу соңында қала әкімі биылғы оқу жылында жетістікке жеткен бірқатар түлектер мен оларды дайындаған педагогтарды марапаттады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close