Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Ауыл түлектері жарап тұр

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының аясында әрбір азамат өзінің туған жеріне көмек көрсетіп, ауылды гүлдендіруге атсалысуы керектігі айтылған.

Осындай бағдарламаға сүйене отырып «Ауылым алтын бесігім» деп жүрген жастар «Жомарт түлек» жобасы аясында Шу ауданы Далақайнар ауылының 2001 жылғы ауыл түлектері 20 жылдық кездесу барысында ұйымдасып ауыл кіреберісіне ауылдың ажарын кіргізер Қақпа орнатты.

Сондай-ақ 30 жылдық түлектер де осындай бағытты іске асыру мақсатында ауылдың ішкі көшелеріндегі сәнді тақтайшалар орнатып ел алғысына бөленді. Жобаның негізгі мақсаты мектеп бітірген түлектермен, жетістікке жеткен мектеп түлектерін насихаттау болып табылады.

Бұл атаулы шараға Жамбыл облысы мәслихатының «Ақ жол» партиясының депутаты Рысалиева Шолпан Отарбайқызы мен «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Шу ауданы мәслихатының депутатаы Чекаев Жұмахан Төлеуұлы қатысып, ізгі тілектерін жеткізді.

Қазақ хандығының қазығы қағылған Шу топырағынан ел тұтқасын ұстаған Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткерлері мен саясаттанушы, профессорлар сынды талай тау тұлғалар шыққанын айқындап тұрғандай.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close