Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Таразда қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Елбасының жарлығымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні етіп жарияланған.

Осыған орай, өңір басшысы қатысқан шарада облыстық және қалалық мекеме қызметкерлері Ы.Сүлейменов көшесінің бойында орналасқан қуғын-сүргін құрбандарына арнайы орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Саяси қуғын-сүргін мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып қалады.

Осыған орай Алаш боздақтарына тағзым жасалып, құрбандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close