Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғамӘлеумет

Таразда Балаларды қорғау күніне орай бірнеше іс-шара өтті

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Тараз қаласында бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселен, «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінде концерттік бағдарлама, өнертапқыштар байқауы (кеме үлгілеу көрмесі, авиа үлгілеу, робототехника), көрмелер (сурет салу байқауы, арт сурет салу, фото көрме, жылжымалы қуыршақтар), үлкен шарлар ұйымдастырылып, балаларға тегін сусындар мен балмұздақтар таратылса, Тұңғыш Президент саябағында «Өнер» мектебінің мерекелік іс – шарасы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, қалалық мәдениет үйінің алдында «Шуақты балалық шақ» мерекелік концерт, «Ынтымағы жарасқан туған елім» атты би фестивалі, «Әлем-балалар көзімен» асфальтқа сурет салу байқауы, «Латын әліпбиі – тәуелсіздіктің жаңа белесі» және «Ағылшын тілін үйренейік» атты акция, «Балғын балалар біздің болашағымыз» кітап көрмесі ұйымдастырылып, балаларға тегін сусындар мен балмұздақтар таратылды.

Аула клубтарда «Біз бақытты баламыз» атты ойын-сауық кеші (спорттық, интеллектуалды ойындар), «Бақытты балалық шақ» атты балаларға тәттілер тарату акциясы өткізілсе, «Мамыр» тоғайында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік іс – шара ұйымдастырылып, тегін сусындар мен балмұздақтар таратылды.

«Қаратау» мөлтек ауданындағы футбол алаңшасында жасөспірімдер арасында футболдан Тараз қаласының турнирі ұйымдастырылды.

«Жеңіс» саябағында мерекелік іс – шара ұйымдастырылып, балаларға тегін сусындар мен балмұздақтар таратылды. «Шөлдала» алқабында аула клубының ашылу салтанаты өткізілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close