Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Туған жерге туыңды тік!

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен облыста бастау алған «Жомарт түлек» жобасы күні кеше ауданымызда өтіп, бүгін міне жалғасын табуда.

Дәл осындай ауқымды жоба бүгін жалғасын тауып, 1 Маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне тұспа-тұс келіп отыр. «Туған жерге туыңды тік!» – деген дана халқымыз. Бұл әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне деген сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлау. Ендеше аталған жоба аясында Қонаев ауылындағы «Түлектер орталығында» «Ауданымыздың Жомарт түлегі» Тұңғыш Президент-Елбасы Кеңсесінің басшысы, белгілі қоғам қайраткері, қаламгер-публицист, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Махмұт Базарқұлұлы Қасымбеков ағамыз жіберген сый тартуын жеткізіп, орталық кітапханаларға табыс етті.

Осындай бағалы сыйлық аманатты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Кеңсесінің құжаттамалық, қаржылық, кадрлық қамтамасыз ету бөлім меңгерушісінің орынбасары Санжар Жұматайұлын Әлиевке тапсырылған болатын. Сонымен қатар аудан жастарынан құралған еріктілерге Елбасы қоры мен «Nur Otan» партиясы атынан аудандағы ерікті және белсенді жастарды ынталандыру үшін арнайы тігілген күртеше мен кеудеше сондай-ақ аудандық кітапханаға түрлі бағыттағы сирек кездесетін кітаптар, 100 дана күртеше мен 20 дана кеудеше Шу ауданы әкімідігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ғани Қойбағаровқа табыс етілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close