Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Шу ауданында жол мәселесі оң шешімін табуда

Шу ауданы Жамбыл облысындағы күрделі ауданның бірі. Тоғыз жолдың торабында орналасқан ауданда жол мәселесі өзекті. Осы орайда, бүгін Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров Шу ауданынан Меркі ауданына дейінгі жолдың құрылысын қарап шықты.

«Сәуір айында ауданымызда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен болып, «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының құрылыс жұмыстарымен танысты. Мердігерлерге 2021 жылдың қыркүйек айында «Шу-Бурылбайтал» және «Меркі-Шу» автожолын пайдалануға беруді тапсырған болатын. Аталған жұмыстар аяқталған жағдайда аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар жолдардың жол мәселесі шешімін табатын болады. Қазіргі кезде аудан аумағында 7 көпірдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде Жиенбет ауылы арқылы Шу өзенінің үстінен өтетін көпірдің құрылысы, Өндіріс, Алға ауылдары арқылы өтетін темір жолдың үстінен жүргізілетін көпірдің құрылыстары бар. Өзен үстінен жүргізілетін көпірдің құрылысы қыркүйек айына дейін аяқталатын болса, Дулат, Балуан Шолақ ауылдарына қатынайтын жол қысқарады. Бұл әрине баршамызға тиімді болатыны сөзсіз», дейді аудан әкімі Нұржан Календеров.

Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close