Білім көкжиегіБасты бетЖаңалықтарҚоғам

Шу ауданының әкімі мектептердің құрылысымен танысты

Бүгін Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында басталған екі мектептің құрылысымен танысты.

Әкім әуелі Төле би ауылындағы әл-Фараби атындағы орта мектептің құрылыс алаңында болды. «1960 жылы салынған ескі білім ошағын жаңартып берсе деген ел тілегі ескеріліп, 300 орындық жаңа ғимараттың құрылысы басталып кетті. Ізінше Шу қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі құрылысының жай-күйін білдім. 1938 жылы салынған мектептің жапсарлас бір бөлігі апатты деп танылып, облыстың мақұлдауымен жаңа ғимаратқа қаражат бөлінген болатын. Мұнда да жапсарлас жаңа ғимараттың сыйымдылығы 300 орындық болады. Екі мектептің құрылысы 2022 жылы аяқталып, оқушылар жаңа жағдайда мектеп табалдырығын аттайды деп жоспарлап отырмыз. Аталған құрылыс нысандарына тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы», дейді Нұржан Сәбитұлы.

  Мұнан кейін аудан басшысы Төле би ауылындағы оқушылар сарайының құрылыс қарқынымен де танысты. Бұл ретте әкім заманауи үлгіде салынып, аяқталуға таяу қалған нысанда оқушыларға арналған 42 кабинет, 240 орындық залы болатынын, «Оқушылар сарайы» таланттарды тәрбиелеп, шәкірттердің шығармашылығын шыңдайды деген сенімде екенін жеткізді. Сондай-ақ, Шу қаласындағы «Қант зауыты» мөлтекауданындағы жаңа салынған ойын алаңшаларын да көрді. Мәселен, суреттегі орталықтан салынған көп қабатты тұрғын үйлер маңындағы сквер. «Бұрын шөп басып жатқан алаңқай қазір ересектер мен балаларға арналған әдемі орынға айналды. Жалпы, қаладағы балалар және көше жаттығу алаңдары мен серуендеу аумақтары қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, жүзеге асырылуда», дейді Нұржан Календеров.

Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close