Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров тұрғындарды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде, Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.

Аудан басшысының кезекті қабылдауына жазылған 15 азамат әртүрлі әлеуметтік мәселелерге қатысты өтініштерін жеткізді. Өз кезегінде Нұржан Сәбитұлы жергілікті тұрғындарды мұқият тыңдап, мәселелердің заң аясында шешілетінін айтты.

  «Әр өтініштің артында адам тағдыры тұрғандықтан, оны зейін қойып зерделеп қарау қажет. Көтерілген мәселелердің дені тұрғын үймен қамту, әлеуметтік көмек, білім, денсаулық салаларына қатысты болды. Аталған мәселелер бойынша тиісті бөлімдерге заң аясында көмек көрсету үшін тапсырмалар бердім. Айта кетерлігі, мемлекеттік бағдарламаларды пайдалану үшін өтініш беру жолдарын білмей көмек сұраған егде жастағы тұрғындар да кездесіп жатты.  Мұндай жағдайда әкімшілік мамандары әркез көмек қолын созуға дайын тұруы қажет. Сондай-ақ, көп жағдайда осы қазір маған жер бере қал дейтін азаматтар да келіп жатады. Жер алудың өзіндік заңды тәртіптері бар.  Жер беру мәселесі бүгінде тек аукцион арқылы шешіледі», дейді Нұржан Календеров.

Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close