Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

Қаладағы эпидахуал бойынша штаб отырысы өтті

Бүгін қала әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен Тараздағы эпидемиологиялық жағдай және коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша штаб отырысы өтті.

Жыл басынан 31 мамырға дейін қала бойынша COVID-19 індетін және пневмонияны жұқтырған 6 263 жағдай тіркелсе бүгінде 4221 тараздық сауығып шықты, 68-і қайтыс болды. Жалпы екпе науқаны басталғалы қаладағы 48 мыңнан аса тұрғын вакцина қабылдаған.

Облыста 42 екпе егу пункті бар болса, оның 14-і Таразда орналасқан. 1 ақпанынан бастап екпе егу пункттеріне 894 доза «QazCovid-in» отандық вакцинасы, 41910 доза «Спутник V» және 11200 доза «Хаят Вакс» вакциналары жеткізілді. Сондай-ақ қалада карантин режимін бұзу фактілері жиілегені туралы сөз қозғалды. Әсіресе тойхана, ойын-сауық орындары, сауда үйлерінде көптеп орын алуда.

Мониторингтік топпен жүргізілген зерделеу нәтижесінде жыл басынан 205 тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 35 389 900 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек жиында «Ashyq» бағдарламасы туралы да айтылды.

Жалпы қаладағы 278 нысан (тамақтану, ойын-сауық орындары, кинотеатрлар, СПА орталықтары, сулулық салондары т.б.) аталған қосымшаны пайдалануда.

Отырыс соңында жауапты мамандардың ұсыныс, пікірлерін тыңдаған қала әкімі короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында мониторингтік топтың жұмысын жандандыруды сондай-ақ вакцинациялау жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттілігі туралы айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close