Басты бетЖаңалықтарМәдениет

Шу ауданында «Жазғы кубок» жайдарман ойындары өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Шу ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан жастары арасында «Жазғы кубок» жайдарман ойындары өткізілді. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жайдарман ойындарына қағытпа қалжындарын жарастырған белсенді жайдарман командалары қатысып тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Жайдарман ойындарының қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы» Желеу Саят атанса, үздік үштіктен көрінген Шу қаласының «Қалалықтар» командасы, екінші орынды ерекше топ «2 қыз, 1 бала» командасы иеленсе, үздік 1 орынды «ХХІ ғасыр» командасы иеленіп, жайдарман ойындарының жазғы кубогына ие болды.

Жеңімпаздарға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің атынан арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close