Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Мемлекеттік рәміздері күні Таразда жоғары деңгейде аталып өтті

4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Тараз қаласында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл күні «Жастар» аллеясындағы «Сахна» алаңшасынан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағына дейін «Менің Туым, Менің Отаным» атты патриоттық жастар акциясы аясында жаяу жүргіншілер және вело- автошеру өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағында Мемлекеттік Гимн орындалып, белсенді жастар мен волонтерларды марапаттау, концерттік бағдарлама, «Қасиетті көк байрағы елімнің!» атты акция аясында қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерінде Мемлекеттік Туды ілу, қаладағы мекемелерде бір мезгілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн орындалып, «Mart», «Small», «Вкусная Корзинка» орталықтарында тақырыптық блиц-викторина өткізіліп, сыйлықтар табысталды.

Осылайша, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні Таразда сән-салтанатымен, жоғары деңгейде аталып өтті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close