Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Таразда бірқатар мәдени-спорттық іс-шаралар өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және мерейтойларға орай 12 маусым күні қаладағы саябақтарда мәдени-спорттық іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, «Мамыр тоғайы» саябағында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында қолөнер көрмесі өтсе, Ы.Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінің алдында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында кітап көрмесі, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Ел тарихы – ұрпаққа үлгі» тақырыбында кітап көрмесі, «Тәуелсіздік – Мәңгілік ел мұраты» атты сенбілік кеш, бұқаралық спорттық іс-шаралар, «Жастар» аллеясында, «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің алдында, «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешенінде бұқаралық спорттық іс-шаралар, А.Құнанбайұлы, С.Есенин ескерткішінде мәнерлеп оқу, әдеби кеш, «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінде көрме, концерттік бағдарлама, Тұңғыш Президент саябағында көше билері ұйымдастырылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close