Басты бетЖаңалықтарСаясат

«Электрондық Үкімет» порталының мүмкіндіктері

Қазіргі кезеңде әлемдегі цифрлық технологиялар әрқилы даму үстінде. Өз  шаруаңызды жылдам бітіріп, кезекте тұрудан қашсаңыз сізге ыңғайлы техникалық мүмкіндіктер жасалып отыр. Соның бірі – www.e.gov.kz – «Электрондық үкімет» порталы. Е-gov – бұл мемлекеттік қызметтерді онлайн түрінде пайдалануға арналған портал. Бұл азаматтарға ұялы телефон арқылы да қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жүйе.

Елімізде электронды үкімет құру идеясын мемлекет басшысы өзінің республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына еңгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында білдірген болатын. Қарапайым халықтың алтын уақытын үнемдеуде  электронды қызмет түрлерінің тиімділігі орасан зор.    

Порталда экономика, мәдениет, білім, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірі қызметінің басқа да салалары бойынша көптеген ақпараттық қызмет көрсетеді. Алайда портал тек ақпараттық ресурс қана емес, оның пайдаланушыларына мемлекеттік органдардың әр түрлі электрондық қызметтері ұсынылады.

Электронды үкіметтің көмегімен Сіз:

– мемлекеттік қызметті алу, мысалы: жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі жайлы анықтама алу, баланың туылуын тіркеу т. б.;

– коммерциялық қызмет көмегін алу, мысалы: темір жол немесе әуе билеттерін броньдау, ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу және т.б.;

– өтініш беру және лицензия алу;

– бюджеттік төлемдерді төлеу, мысалы: төлқұжаталғаны үшін, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл, жылжымайтын мүліктің заңдастырушы құжаттарының көшірмесін алғаныүшін төлем жәнет.б.;

– мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпарат алу;

– электрондық цифрлы қолдаңба (ЭЦҚ) әзірлеу.

“Электрондық үкімет” порталында қызмет алу артықшылықтары қатарына уақыт үнемдеу, кезектің болмауын, мемлекеттік деректер базасына сұранымдар жасау есебін қажетті құжаттар санының азаюын, әрі ең бастысы – барлық қызметтер онлайн, яғни барлық уақытта онлайн, кез-келген уақытта қолжетімді.

Әлемдегі індетке, елімізде  қазіргі орын алып отырған ахуалға байланысты барлық мекемелер онлайн режиміне көшіп, электронды түрде қызмет көрсетіп жатыр. Егер де ЭлектрондықҮкімет порталы арқылы жұмыс істей алмасаңыз, операторларға хабарласып кеңес ала аласыз.

Халыққа қызмет көрсету немесе тағыда басқа мемлекеттік мекемелерге еніп, жұмыстарыңызды бітіру үшін осы E-gov порталы арқылы кезекті броньдап, өз кезегіңізді аласыз.

Электронды үкімет порталына Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркелген сәттен бастап сіздің жеке кабинетіңіз ашылады. Сұрау салған ақпаратыңыз жеке кабинетіңізге түсіп отырады.

Қазіргі таңда Қазақстанда “Электрондық Үкімет” белсенді түрде іске асырылуда және еліміз осы бағытта Азия көсбасшыларының бірі болып табылады.

Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесі де осы бағыттар бойынша халыққа сапалы қызмет алуға атсалысып келеді. Қалада 10 әкімдік бөліммен мемлекеттік қызметтердің 56 түрі көрсетіледі. 2021 жылдың 5 айында 39 279 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтердің электронды түрде көрсетілу пайызы 2021 жылдың 5 айында  тоқсанында 80% құрап отыр. Электронды үкімет порталынан бөлімдердің тиісті базаларына өтініштер келіп түседі. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған бөлімдермен азаматтарға электронды қызметтерді алу туралы кеңестер беріліп, қызметтерді алуға барлық жағдайлар жасалынған. Қызметтерді алуға ыңғайлы болуы үшін өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ақпараттық стенділер мен брошюралармен қамтамасыз етілген.

Электрондық үкіметтің call-орталығының телефондары арқылы сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтар бойынша ақпарат ала аласыз: 8-800-080-7777, 1414 және ұялы телефоныңызға Egovmobile мобильдік қосымшасын жүктеп, қолдана аласыз.

Пайдалы сілтемелер: www.e.gov.kz – «Электрондық үкімет» порталы. Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «электрондық үкімет», «электрондық үкімет порталы» және т.б. кілт сөздердін теру керек.

Тараз қаласы әкімі аппаратының

мемлекеттік көрсетілетін қызметті

 дамыту бөлімшесінің басшысы

 М.Молдағалиева.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close