Басты бетЖаңалықтарҚоғам

ЖАҢАТАСҚА-52 ЖЫЛ

Осыдан 52 жыл бұрын Қазақсан картасында дүниеге келген Жаңатас қаласы – бүгін өзінің жарты ғасырлық мерейлі мерекесін үлкен салтанатпен атап өтіп отыр.

Аталмыш мерекеде аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев құттықтау сөз сөйлеп;

– Құрметті ағайын! Баршаңызды қарт Қаратаудың етегінен керегесін керіп, қасиетті шаңырағын көтеріп, абыз қарияның киелі батысын алған, жастардың сенімді серігіне айналған Жаңатас қаласының торқалы тойымен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңатас жылы ұя салған киелі Қаратау – қазақтың талмас тарихы, барша ұлтымызды бауырына басқан қасиетті шаһар, рухымыздың темірқазығы.

Дана халқымызда «елу жылда ел жаңа» деген шырақтай жарқыраған аталы сөз бар.

Ал, 1964 жылы жұмысшылар кенті ретінде іргесін қалап, 1969 жылы қала мәртебесін алған Жаңатастың 52 жылдығы – оның өткен жолымен, бағындырған биіктерімен және атқарған арқалы істерімен өлшенетін өз тарихы деп білеміз.

Өйткені, бүгін – ешкімге де жалын ұстатпайтын Ұлы Уақыт бізді құйқасы шұрайлы, сипаты шырайлы, бар қазақтың шежіресіне айналған қарт Қаратаудың бойына осыдан 52 жыл бұрын қазығын қаққан Жаңатастың төріне жинап отыр!

Жаңатас – осы артта қалған 52 жылда үлкен даму мен өркендеу жолынан өтті.

Ол өткен ғасырда болашағынан аса зор үміт күттірген өндірістік сипаттағы қала болып қалыптасты.

Осындай шежірелі жолда – қаламыздың ғибраты мол өсу кезеңі мен еңбектің биік рухының жатқаны ақиқат!

Осы жылдары қалада химия өндірісінің ірі кен орындары ашылып, көптеген тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалар, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары көз ілеспес жылдамдықпен бой көтерді.

Осылайша, қазыналы Қаратаудың күнгейіне алақанын қыздырып, теріскейіне табан тіреп, еселі еңбектің үлкен үлгісін көрсеткен Жаңатас республикамыздағы ең жас қалалардың арасында – үлкен қарқынмен дамыды,-дей келе жеткен жетістіктеріміз бен алдағы жоспарларға тоқталып өтті.

Осы шарада бірқатар азаматтар марапатталып, қала әкімі Д.Борсықовтың лебізі тыңдалды.

Әдемі әндер шырқалып, ашық аспан астында кермет кеш өтті.

Жиналғандар мәре-сәре болып, бір-бірін құттықтап жатты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close