Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Аудандық газет ұжымына құрмет көрсетілді

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев 84 жылдық тарихы бар аудандық «SARYSÝ» газеті редакциясына арнайы барып, ұжымды бұқаралық ақпарат құралдары күні мерекесімен құттықтады.

– Ауданның тыныс-тіршілігін жариялап, жаңалықтарды қаламына сыйдырып жүрген ақпарат саласындағы қызметкерлердің біз үшін бәсі биік.

Тілшілік тіршіліктің ауырлығына сынбай, қиындығына мойымай, қағамның бір саласын алға сүйреп келе жатқан қадірлі қызметтеріңізге табыс тілеймін.

Ел Президентінің саясатын жүргізуде, оны бұқараға жеткізуде журналистер қауымының алар орны ерен.

Сондықтан 28-маусым – байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында өздеріңізге түгесілмейтін шабыт, ортаймайтын көңіл, сыр бермес денсаулық тілеймін!

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!,-деген аудан басшысы Сарысу газетіндегі қыз-келіншектерге алқызыл гүл шоқтарын ұсынып, ұжымға алғыс хат пен су жаңа принтер сыйға тартты.

Сарысу аудандық газетінің директоры Жамалбек Өзбеков сөз сөйлеп, аудан басшысының арнайы келіп, құттықтауына алғысын білдірді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close