Басты бетЖаңалықтарМәдениет

Аудан әкімі Сауле Жанпейісоваға құрмет көрсетті

Киелі Сарысу өңірі таланттардан кенде емес. Қасиетті топырақтан дәулескер күйші де, күміскөмей әнші де, сыршыл сазгер де шықты.

Шынында сайын дала төсіне көз тастап тұрып, бір сәт шабытқа ерік бермеу мүмкін емес, сірә. Сарысу өңірі – ежелден тарихи, мәдени-рухани мұралардың қайнар көзі ғана емес, талай таланттарды тудырған – алтын бесік.

Сарысудан шыққан композиторлар мен әншілер есімі бұл күнде алты алашқа мәлім.

Міне, бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевті қызметімен құттықтап, арнайы танысу үшін жерлесіміз, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер. C. Жанпейісова келді.

«Болар елдің баласы, бірін бірі батыр дер…» дегендей арнайы келіп, үлкендік жолдан жаңылмай, жұмысына сәттілік тілеген аяулы қызын Сарысу ауданы да аялай қарсы алды.

Аудан басшысы гүл шоқтары мен күтіп алып, домбыраның нақышын келтіріп, аспап үнімен дауысы ерекше үйлесім тапқан Сәуле Стаханшылқызына алғысын білдіріп, құрметтеп, «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін жарқырата тағып жіберді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close