Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Аудан әкімі қалам ұстаған азаматтарды назардан тыс қалдырмады

Бар уақытын ақпаратқа айырбастап, ұзақ күндер қағазға шұқшиятын тілші қауымы қашанда шығармашылық ізденісте.

Жер бетінің жаңалығын халыққа жария етіп жүрген бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы маңызды мамандықтың бірі екені сөзсіз.

Демократиясы дамып, экономикасы өркендеген Қазақстанда қаламдары қарымды жандардың алар орны ерекше деуге болады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында туған жердің тарихы, тағылымы, тарпаң тұлғалары туралы терең ой қозғаған болатын.

Расында да әрбір аймақтан шыққан айтулы азаматтар аз емес.

Бұл тұрғыда сарысулықтар да даңқты жазушы, журналист, қалам ұстар жерлестерімен мақтана алады.

Қазір журналистика саласы нағыз қан майданның ортасы.

Міне, осындай ауыр салада, қоғамдағы барлық саламен біте қайнасып республикалық, облыстық деңгейде түрлі салада қызмет етіп жүрген, қалам ұстар жерлестеріміз: Сағындық Ордабеков, Жаңабай Миллионов, Мейрамбек Төлепберген, Қали Сәрсенбай, Шохан Сыздық, Амангелді Әбіл, Тұрсынбек Сұлтанбек, Асхат Райқұл сынды басқа да аға, жас буынды аудан басшысы арнайы қоңырау шалып құттықтап, мерекелік лебізін білдірді.

Сондай-ақ, республика облыс төңірегінде аудандағы жылт еткен жаңалықтарды бөлісіп, ақпараттық қолдау білдіріп келе жатқан бірқатар журналистерге аудан әкімі құттықтау қағаздарын жолдады.

Сонымен қатар зейнеткерлік демалысқа шыққан Пернебай Дүйсенбин, Бергентай Нұрмаханұлы, Темірлан Әбілдаев сынды тағы басқа қаламдары қарымды ұстаздарымызды да мерекемен құттықтап, ілтипат көрсетті.

Осы күні аудандағы қалам ұстар бірқатар қоғамдық көзқарастарын білдіріп, ойларын жаза білетін Берік Сәдуақас, Нұржан Есмаханов, Ескендір Тұрысбеков, Бауыржан Балғабай секілді бірқатар азаматтар да назардан тыс қалмады.

Аудан басшысының өзі елеп-ескергені үшін алғыстарын білдіріп, ауданнан құттықтау алған азаматтар бір марқайып қалғандарын жасырмады.

Бастысы көңіл. Мақсат аудан абыройы үшін біркісідей бірігіп еңбек ету.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close